Абай бол, балақай! 2022ж


Тақырыбы: «Абай бол балақай!»
Мақсаты: Бағдаршам белгілерінің айырмашылығын және жол белгілері туралы түсінік
беру.Балаларды жолда жүру ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жол белгілері,суреттер,бағдаршам макеті,самокат,интертақта, велосипед.
Тәрбиеші: -Сәлеметсіңдер ме,балалар?
Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден-бір кепілі көшеде жүру ережелерін үйренуіміз керек. Жолда жүру тәртібі әрбір бала,әрбір адам үшін маңызды.
-Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?
1-бала: Жолда жүру ережелерін білмеген балалар ,көлік астына түсіп қалуы мүмкін.
2-бала: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау-саламат жүреміз.
Интертақтадан бейне роликті көрсетіп түсіндірме жүргізу.
Тәрбиеші: Олай болса балалар ,сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты сұрақтар қояйын.
-Балалар жол деген не?
3-бала: Жол — адамдар мен көліктер жүретін аумақ.
Тәрбиеші: -Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?
4-бала: Автобустар, көліктер негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді,ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН жүреді.
Тәрбиеші: -Балалар тротуар деген не?
5-бала: Тротуар « жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді.
Тәрбиеші: Балалар –жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
Хормен: Жол белгілері.
Тәрбиеші: — Балалар біз көшеден өтетін кезде, қалай өтеміз?
6-бала: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек.Оны ЖОЛАҚ ЖОЛ-деп атайды.
Көрініс:
Жол сақшылары шығады. Бір бала жолдың бойына жүгіріп шығады.
-«Ей бала! Сен неге жолда жүру ережесін бұздың?
-Ендеше бізді тыңда,біз саған түсіндіреміз.
1-бала: Жүрме жолға таласып.
2-бала: Қызыл көзін ашқанда
Бәрі: Сынық сүйем, баспа алға!
3-бала: Сары көзін ашқанда
Бәрі: Қарап қалма аспанға.
4-бала:Жасыл көзін ашқанда
Бәрі: Өте бергін,жасқанба.
Рахмет. Енді түсіндім.Жолда жүру ережесін бұзбайтын боламын.
(Музыка әуенімен бәрі шығады)
Ойын: « Бағдаршам»
Тәрбиеші: Ойын шартын түсіндіреді.
Қызыл түс-тұрасыңдар
Сар түс-шапалақ ұрасыңдар
Жасыл түс- бір орында жүресіңдер.
3-рет қайталанады.
Тәрбиеші: Балалар біз жолда ойнауымызға болмайды.
Біз ойын алаңдарында,спорт алаңдарында,балабақша алаңдарында ойнауымыз керек.
Балалар жолдан өте абай болып өтіңіздер.
Сау болыңыздар!
Өткізген: Ж.Кидасова


